2920

Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды

Өзін жайсыз сезінген жүргізуші көлік жүргізіп келе жатып қайтыс болған.

Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды
Krispiastana

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада жеңіл автокөлік жүргізушісі жол жүріп келе жатып кенеттен өзін жайсыз сезініп, көлік ішінде қайтыс болды. Бұл ақпаратты қалалық полиция департаменті растады.

Оқиға Тоқпанов көшесінде болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, жүргізуші Шарль де Голль көшесіне қарай бағыт алып келе жатқан. Алайда жол үстінде жағдайы күрт нашарлап, көлікті басқара алмай қалған. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

— Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп жетті. Қазір істің мән-жайы анықталып жатыр, — делінген полицияның ресми хабарламасында.

Материал авторы