2575

18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған

Қыз адам өлтіруге оқталғаны үшін сотталды.

18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстандағы Сырдария облысында қыз жігітін пышақтап, 6 жылға сотталды.

Сырдария облысының Гулистан қаласында 19 жастағы қыз жігітіне опасыздық жасады деп күдіктеніп, оны пышақтап тастамақ болды.

Қыз жігітке екі рет пышақ сұққан. Ауыр жарақат алғанына қарамастан, жігіт дер кезінде медициналық көмек алып, аман қалды.

Сот күдіктіні ауырлататын жағдайда адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, жәбірленуші сотта ешқандай шағым білдіруден бас тартқан.

 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор