Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО)
Жетісу облысында сақ қорғандарын әлдебіреулер тонап кеткен.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысының Панфилов ауданындағы мыңдаған жылдар бұрын бой көтерген сақ қорғандары тоналды. Бұл туралы Жетінші арна жеткізді.
Көне қорымдар Жаркент қаласынан солтүстікке қарай жүз шақырым жерде орналасқан. Шамамен бір ай бұрын қорымды тонағанын алғаш рет жергілікті тұрғын Олег Тихомиров байқаған.
"Әрине, мен ашуландым. Осының бәріне әрдайым қарсы болғанмын. Бұл жазасыз қалмайды, өйткені бізде әлі де қазына бар. Бұл үрдіс жалғаса берсе, біздің болашақ ұрпағымызды, қазірдің өзінде балаларымыз бен немерелерімізді жақсылық күтпейді. Сондықтан келген соң тиісті ұйымдарға, соның ішінде әкімдікке де хабардар еттім", – дейді Сарыбел ауылының тұрғыны Олег Тихомиров.
Ауыл тұрғынының шағымын шенеуніктер ескерткіштерді қорғау орталығына жолдаған. Оның мамандары бұл жерде скиф көсемдері жерленген болуы мүмкін деп болжайды. Бірақ өкінішке қарай, қарақшылар арнайы техниканың көмегімен үлкен қорымды қазып үлгерген.
"Скифтер дәуірінде алтын және басқа да жәдігерлер көп болған. Өзгелерден айырмашылығы, дәл скифтер дәуірінде көптеген құнды заттар пайдаланылды. Олардың көбі жерлеу орындарында кездеседі, сол үшін заңсыз археологтар біз үшін нағыз апат болды. Енді бұл ескерткіштердің жойылуына байланысты құзырлы органдарға арыз жазып, жұмысты бастаймыз", – дейді ескерткіштерді қорғау орталығының директоры Ғалымжан Оспанов.
Материал авторы