«Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
30.05.2025, 18:14
2785
«Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты бейнежазбадан

Жетімдер үйіне көмектескен емес дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, “Перзент” балалар үйінің басшысы Әмина қажы Әжібаева балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді дінге үгіттемейтінін айтты.

Ол журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында кеңінен сыр шертісіп, алдағы жоспарларын да бөлісті. 

”Күштеп орамал таққызбаймын. Бірақ өздері таққанды жақсы көреді. Қыздар 13 жасқа толған жоқ. Сондықтан намазға рұқсат бермеймін. Қазір намаз оқымайды. Ал ұлдардың барлығы оқиды. Жасқа қарамай оқи береді. Ешқандай дінге мәжбүрлемеймін. Мысалы, моншадан шыққанда бәрі шаштарын жайып жүреді. Шаш кебу керек қой, әйтпесе биттеп кетеді ғой”, – дейді ол.

Сондай-ақ қара жамылып жүретіндерге қатысты да пікір білдірді. 

“Бір күні егістіктен келе жатып, мешітке кірдім. Әйелдердің әжетханасын тексерейін деп кіргенмін, негізі. 5-6 әйел қара жамылып жүр екен. Тек көзі ғана көрінеді. Содан жинап алып ұрыстым. Солардың бірі ұйғыр, тәжік, өзбек емес, тек қазақтар. “Екінші рет келетін болсаңдар, аяқтарыңды сындырамын. Сендердің арттарыңда комитет жүреді” дедім. Кезінде Назарбаев осындайларды кіргізгенде қарсы шыққан едім. Содан мені ол кісі жек көріп кетті. Одан кейін шетелге бала сатқанын да бетіне бастым. Жетімдер үйіне көмектескен емес. Менің тілім ащы емес пе, тиісіп қалдым. Кейін өз қыздарым ренжіп, үндемеші деп жалынды”, – деді Әмина апа. 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады