3529

Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО)

Aктриса әрі әнші 18 жасында тұрмысқа шыққанын айтты.

Отандық әнші 20 жыл бұрын күйеуі шетелге алып кеткен ұлын еске алып жылап қалды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Отандық опера әншісі әрі актриса Әйгерім Шәріп көпшілік алдында сахнада көзіне жас алды. Өнер иесі ұлын сағынып, ел алдында жан сырын ақтарды. Бұл сәт Баян Алагөзованың «Алтын ханым» жобасында орын алды.

Әнші 18 жасында тұрмысқа шыққанын, алайда отбасылық өмірі ұзаққа бармағанын айтты. Оның сөзінше, күйеуі ажырасуға дейін баласын балабақшадан алып, шетелге қашып кеткен. Содан бері әйел өз баласын көрмегеніне 20 жыл болған.

«20 жыл бойы баланы көрмеу — бұл менің өмірімдегі ең үлкен трагедия. Әрине, кездессек, ең алдымен оған қаншалықты жақсы көретінімді айтамын. Бүгін сахнада тұрып, ішкі жан сырымды айтып, халықтан тілек сұрағым келді. Ескендір, біз сені қатты жақсы көреміз. Сағындық. Жақын арада кездесеміз деп сенемін», – деді әнші.

Айта кетейік, Әйгерім Шәріп – көпшілікке «Бөрте» спектаклі арқылы танылған актриса әрі опера әншісі.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор