«300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды

Аиса Махамбет Редактор
02.06.2025, 17:11
5342
«300 миллион теңге»: Мөлдір Әуелбекова әншілерге қатысты шындықты жайып салды жеке парақшасынан

Әкімдік пен радио мәлімдеме жасады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Эстрада әншісі Мөлдір Әуелбекова Шымкент қаласында өтетін “Той-думан” радиосының фестиваліне қатысты ашық мәлімдеме жасап, өнер адамдарының ақысыз қатысуына қарсы екенін айтты. Оның айтуынша, қала әкімдігі іс-шараны өткізуге 300 миллион теңге бөлген.

 

‘Той-думан’ радиосының фестивалі өтеді екен. Шымкент 300 миллион теңге бөліпті. Әншілерге тегін қатысыңдар деп хабарласып тұр. Мен қарсымын. Көрермен әншіге келеді. Неге әншінің еңбекақысын төлемейсіздер?!” – деп жазды әнші әлеуметтік желіде.

Әуелбекова бұл жағдайды өнер адамдарының еңбегі ескерілмейді деп бағалап, тегін концерттерді әділетсіздік деп санайды.

Алайда, “Той-думан” радиосы бұл ақпаратты жоққа шығарды. Радио өкілдерінің мәлімдеуінше, әншінің айтқаны шындыққа жанаспайды.

Әуелі 200-300 миллион теңге деген соманы дәлелдеуіңізді сұраймыз. Шымкент қаласы әкімдігі фестивальді тек техникалық тұрғыда — алаңмен, өрт сөндірушілермен, полиция, жедел жәрдем сияқты қызметтермен қамтамасыз етеді. Бірақ сіз атап отырған сома ешқашан болмаған. Бұл жазбаңыз ‘Той-думан’ телерадиокорпорациясы мен Шымкент қаласы әкімдігіне қатысты жалған ақпарат таратып, халық арасында наразылық тудырып отыр. Әрі қарай бұл мәселе бойынша заңгерлеріміз байланысатын болады,” – делінген ресми мәлімдемеде.

Қазіргі таңда тараптар арасындағы дау желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Желіде пікір екіге бөлінді: бірі Әуелбекованы қолдаса, енді бірі концертті ұйымдастырушылардың уәжін орынды деп санайды.

Ресей Сирия аумағын геосаяси қақтығыс алаңы ретінде пайдалануға қарсы екенін жеткізді Семейде әйел күйеуін көсеумен ұрып тастаған АҚШ сенаторлары Украинаға $54,6 млрд доллар көлемінде көмек бөлуді ұсынды eGov.kz және басқа да мемлекеттік сервистерге қол жеткізу уақытша шектеледі Ресейден экспортталған электр энергиясының жартысы Қазақстан мен Қырғызстанға тиесілі боп шықты Батыс елдері Иран арнайы қызметтерінен төнетін қауіптің күшейіп жатқанын мәлімдеді 1 тамыздағы ауа райы болжамы: өрт қаупі мен найғазай «Сен мені кешірші»: белгілі директор Ақмоншақ Нұртазаның қызы студияда жылап қалды «Әйелім кетіп қалды»: Жахан Отарғалиевтың жазбасы жұртты елең еткізді «Ауғанстанға көшіп кет»: Баян Алагөзова мешітте қызды кінәлаған Рүстем Жүгінісовке шүйлікті Басы дауға қалған Жанқош Тұраров шаршы алаңға қайта оралмақ Қазақстандағы екінші және үшінші АЭС-ті Қытай салып бермек Жаңа көлік министрі пойыздардың кешігуін тоқтатамын деп уәде берді «Небәрі 8 ай бұрын үйлендік»: Жоғалған тікұшақтағы ұшқыштың жары жүрек тебірентер жазба жариялады Астанада ер адам саябақта жалаңаш серуендеймін деп қамауға алынды (ВИДЕО) «1 жасар баланың жүрегі тоқтап қалған»: Павлодарда анасы терезеден лақтырған балалардың жағдайы белгілі болды Атышулы қылмыс: Мотоциклде отырған жігітті пышақтап кеткен қылмыскер сотталды Трамп Палестинаның тәуелсіздігін мойындаймыз деген Канадаға сес көрсетті Қазақстан Ресейдің көмегінсіз үш ірі жылу электр станциясын салмақ АҚШ Трамптың кеткенге дейін Айға қайтадан қонуды жоспарлап отыр