SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Сәкен Майғазиев пен жұбайы Динара Майғазиева отбасындағы ерекше қарым-қатынастары туралы ашық айтып, бір-біріне қандай есімдермен hitap ететіндерін бөлісті. Динара ханым бұл туралы Instagram парақшасында жазды.
"Біз Сәкен екеуміз бір-бірімізді ерекше атап үйреніп кеткенбіз. Сырт көзге қарапайым сөз көрінуі мүмкін, бірақ біз үшін ол – жүректен шыққан үн. Бұл – махаббат пен құрметтің белгісі", – деп жазды ол.
Динара Майғазиева алғашында Сәкенді «шал», ал ол өзін «кемпір» деп атайтынын айтты. Алайда кейін бұл сөздердің мәнін түсініп, оларды өзгертуді жөн көрген.
"Бір кісі келіп, “кемпір” сөзі “пірі кем” деген мағынадан шыққанын түсіндірді. Содан бері бір-бірімізді “анасы”, “әкесі” деп атайтын болдық", – дейді ол.
Сонымен қатар, жұп бір-біріне «сіз» деп сөйлейтінін де жасырмады. Айтуларынша, бұл — бір-біріне деген сыйластықтың көрінісі.
"Жанымда жүрсе де, жарым болса да бұл кісілер – ең алдымен халықтың адамдары. Қай ортада болса да, құрметке лайық. Сол себепті “сіз” деп сөйлей бастадық", – деп түйіндеді Майғазиева.