3998

Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды

Астана әуежайында тыйым салынған заттар туралы орынсыз әзіл айтқан Түркия азаматы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Астанада түрік азаматы «тыйым салынған заттар» туралы әзілдеймін деп қамауға алынды
Joern Pollex / Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 47 жастағы шетелдік азамат Астана – Пхукет бағыты бойынша тіркеуден өту кезінде авиакомпания өкіліне "тыйым салынған заттар бар" деп қалжыңдаған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қауіпсіздік қызметі ақпаратты дереу тексеріп, ешқандай қауіп анықталмағанын мәлімдеді. Алайда бұл тіркеу жұмыстарының уақытша тоқтауына, жолаушылар мен қызметкерлер арасында алаңдаушылық туындауына себеп болған.

"Қауіпсіздікке қатысты кез келген әзіл қатаң түрде қарастырылады. Мұндай әрекеттер көлік инфрақұрылымының жұмысына кедергі келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзады", – деді Көліктегі ПД басшысының орынбасары Құрмет Мәжікенов.

Істі қараған сот шетелдік азаматқа 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Материал авторы