Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарымен кездесті

17.03.2023, 18:36
546
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарымен кездесті akorda.kz

Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюркпен кездесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев Фолькер Тюркке ілтипат білдіре отырып, оның бұл сапары Қазақстан мен БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту үшін маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің адам құқықтарын қорғау мәселесі бойынша тығыз қарым-қатынас орнатуға және ақпарат алмасуға дайын екенін мәлімдеді.

Президенттің айтуынша, Қазақстан БҰҰ-ның негізгі конвенциялары мен хаттамаларының бәрін ратификациялады және ұлттық деңгейде адам құқықтары саласында өзара белсенді іс-әрекет механизмдері жасалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Фолькер Тюркке елімізде жүргізіліп жатқан реформалар жөнінде де айтты. Мемлекет басшысы «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидатын жүзеге асыру аясында қолға алынған қоғамдық-саяси жаңғыру бастамасын былтырғы жалпыұлттық референдум мен президент сайлауы кезінде Қазақстан халқы қолдағанын жеткізді.

photo

Өз кезегінде Фолькер Тюрк қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты және осы жылдарда адам құқықтары мәселесі бойынша ұйымның Қазақстан билігімен арадағы қалыптасқан қарым-қатынасына оң баға берді.

Сондай-ақ Жоғарғы комиссар Президенттің бастамасымен еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жүргізіліп жатқан өзгерістердің уақтылы қолға алынғанын атап өтті.

«Мен соңғы жылдары сіздің еліңізде болып жатқан оқиғаларды бақыладым. Біз үшін азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі реформалардың ажырамас бөлігі болғаны өте маңызды. Өйткені елдің болашағы осыған байланысты. Әрбір елдің келешегі Біріккен Ұлттар Ұйымы мен бүкіл әлем сүйенетін іргелі қағидаттарға негізделуге тиіс деп ойлаймыз. Биыл Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының қабылданғанына 75 жыл толады. Біз бұл атаулы датаны әлемде қалыптасқан қайшылықтарды еңсеру мүмкіндігі ретінде қарастырғымыз келеді», – деді Фолькер Тюрк.

photo
Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады