3871

Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады

Прокурор сұраған ең ұзақ жаза мерзімі – 23 жыл.

Шерзат Болаттың өліміне қатыс сот үкімі 5 маусымда шығарылады
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі қарау жалғасуда. Судья Ержан Жанұзақов сот үкімін 2025 жылдың 5 маусымында, сағат 16:00-де жариялайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай жарыссөз барысында айыпталушыларға тағайындалуы тиіс жазаны жария еткен:

Абзал Шынасыл — 23 жыл,

Равиль Сәкиев — 20 жыл,

Азамат Тоқтаубаев — 15 жыл,

Нұрқияс Ілиясов — 9 жыл,

Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет — 7 жылдан,

кәмелетке толмаған айыпталушы Думан Ысқақ — 1 жыл 6 ай.

Айыптар тізімі:

Абзал Шынасыл мен Равиль Сәкиевке — бұзақылық, адам өлтіру, қылмысқа дайындалу және оқталу баптары бойынша айып тағылған.

Қалған алтауы — бұзақылық бабымен жауапқа тартылуда.

Азамат Тоқтаубаевқа қосымша бөтеннің мүлкін жымқыру айыбы тағылған.

Кәмелетке толмаған Дидар Ысқаққа — қылмыс туралы хабарламау бабы бойынша айып тағылған.

Сонымен қатар, прокурор куәгерлер — Эльмира Нұрбекова, Дана Жақсыгелді, Арлан Қазыкенов пен Юлдаш Розыбакиевтің әрекеттеріне құқықтық баға беру үшін қайта тергеу жүргізуді сұрап, олар бойынша жеке қаулы шығаруды ұсынды.

Материал авторы