«Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
03.06.2025, 19:14
4046
«Қалаулым» қатысушысы өзін-өзі өртемек болды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Бұрынғы қатысушы Ақтөре Батырбек әлеуметтік желіде даулы әрекетке барды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, атышулы «Қалаулым» бағдарламасының бұрынғы қатысушысы Ақтөре Батырбек әлеуметтік желіде аса қауіпті әрекет жасап, жұрттың ашуын туғызды.

Желіге жүктелген видеода Ақтөре айналасына жағармай құйып, оны отқа орайды. Кадрлардан блогердің қауіпті трюкті алдын ала дайындықсыз жасағаны байқалады. Видеомен бірге ол былай деп жазған:

«Атың шықпаса, жер өрте. Айтылып жатқан сөздің мағынасы бар екенін ұмытпайық, иә».

Бұл жазба желі қолданушыларының ашу-ызасын туғызды. Көпшілік блогердің әрекетін жауапсыздық деп бағалап, оған айыппұл салынуын талап етуде.

Пікірлерден:

«Мынаны балалар қайталаса қайтесің?», «Есі дұрыс адамның тірлігін жасашы», «Жасы 40-тан асқан адамның істейтін ісі ме осы?», «Біреу еріп, өртеп, жанып кетсе кім жауап береді?», «Өз үстіне су құйып алған екен, бірақ ол бәрін құтқармайды ғой...»

Қауіпсіздік ережелерін елемеген блогердің бұл қадамы заң жүзінде де, моральдық тұрғыда да сынға алынып отыр. Қазіргі уақытта ресми органдар тарапынан оған қатысты қандай да бір шара қолданылғаны туралы ақпарат жоқ.

 

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды