Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
03.06.2025, 19:49
5394
Танымал актриса Әлия Әнуарбекке сырға салынды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Әлия Әнуарбектің жолдасы 2020 жылы өмірден өткен еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова Instagram парақшасында актриса Әлия Әнуарбектің сырға салу рәсімінен видео жариялады.

"Сүйінші, ағайын! Әлия Әнуарбек Торғай елінің келіні атанбақ", – деп жазды ол видео астына.

Желіде тараған кадрлардан кейін көпшілік актрисаның екінші рет тұрмысқа шығып жатқанын болжады. Алайда кей қолданушылар бұл көрініс жаңа кинотуындыға түсіріліп жатқан сахна болуы мүмкін екенін айтты. Әлеуметтік желідегі мәліметтерге қарағанда, Әлия "Бақыт құшағында" атты фильмге түсіп жүр.

Желі қолданушыларының реакциясы екіге бөлінді:

«Дұрыс, күйеуінің қайтыс болғанына біраз уақыт өтті. Әр адам бақытты болуға лайық», «Бағы жансын, бірақ көңілсіз көрінеді», «Марқұм күйеуін ойлап тұрған сияқты», «Кино түсірілімі шығар. Әлі күйеуін ұмытпағаны байқалады».

Актрисаның өзі бұл видеоға байланысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Еске салсақ, Әлия Әнуарбектің жолдасы 2020 жылы өмірден өткен. Қос жұптың ортақ екі қызы бар.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды