Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
03.06.2025, 20:30
7207
Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО) бейнежазбадан

Жастардың некесін Айгүл Иманбаева қиды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Ақбота Керімбекова екінші ұлы Ақанның үйлену тойын өзінің ауласында, ашық аспан астында ұйымдастырды.

Оразаның алғашқы күні келін түсірген әнші бұл жолы туған-туыс пен өнердегі достарын ерекше тойға жинады. Тойдың басты ерекшелігі – шақырылған қонақтардың барлығы дерлік қызыл түсті киіммен келген. Әншінің айтуынша, ұлының өміріндегі маңызды күнді есте қаларлықтай еткісі келген.

“Әрбір ата-ананың арманы – балаларының бақытты болуы. Сол қуанышты күнді қолдан келгенше әдемі, ерекше өткізуге тырыстым”, – дейді Ақбота Керімбекова.

Той барысында неке қию рәсімін әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева жүргізген. Ол бұл жауапкершілікті алғаш рет алғанын айтып, толқығанын да жасырмады.

“Өмірімде мұндай рәсімді алғаш рет жасадым. Ақбота қолқа салды: ‘Сенің кіндік балаң ғой, Айгүл’ деп. Жақсылап дайындалдым”, – деді Иманбаева.

Әлеуметтік желі қолданушылары Ақботаға жылы лебіздерін жаудырып, жас жұбайларға бақыт тілеп жатыр.

Айта кетейік, биыл көктемде Ақбота Керімбекова Ақан есімді екінші ұлына беташар жасап, келін түсірген болатын. Енді міне, толыққанды тойын да өткізді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды