Батыс Қазақстанда су тасқынынан 1 адам көз жұмды

17.03.2023, 20:21
514
Батыс Қазақстанда су тасқынынан 1 адам көз жұмды Алихан Сариев

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны кезінде ер адам көз жұмды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылынан 11 наурыз күні сағат 19.00-де 1984 және 1977 жылғы екі ер адам Ақсай қаласы жағына қарай трактормен шыққан.

14 наурыз күні сағат 17.17-де олардың жоғалып кеткені жөнінде хабар түскен. Сол кезде Бөрлі ауданында су тасқыны орын алғаны мәлім. Сағат 23.25-те Ақсай қаласынан «ҚПО б.в.» компаниясының жол талғамайтын көлігі іздеуге шыққан. Алайда жол болмағандықтан, сағат 03.00-де іздеу тоқтатылған.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметкері Дариға Мәжитованың айтуынша, аталған ер адамдар Ақтау ауылына жәрдем беруге барып, кері қайтқан кезде трактор балшыққа батып қалған. Біреуі көмек іздеп кеткен де, екіншісі, 1984 жылғы ер адам аяғы ауырғандықтан, күтіп қалған.

«15 наурыз күні Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылынан 9 шақырым жерде ашық даладан 1984 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған жоқ. Аталған дерек адам өлімі ретінде тіркелді. Сараптама жүргізілуде. Бастапқы себебі – суға кеткен», деді ҚазАқпарат тілшісіне Д.Мәжитова.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың нақтылауынша, екінші ер адам Бөрлі аудандық ауруханасының терапевтік бөлімшесінде жатыр. Оң жақ өкпесі қабынған. Жағдайы орташа ауыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды