Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады

04.06.2025, 10:30
2689
Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Өрт дер кезінде сөндірілді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы «7 бочек» тұрғын үй кешенінде орын алған өрттен кейін зақымданған қасбет пен өзге де шығындарды қалпына келтіру жұмыстары жедел түрде басталды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өрт туралы қоңырау 4 маусымда түнгі сағат 00:26-да түскен. Қызыл жалын тұрғын үй кешенінің (Сығанақ көшесі, 23) сыртқы қаптамасын шарпыған. Оқиға орнына жедел жеткен Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті (ТЖД), полиция департаменті (ПД) және қала әкімдігі бірлескен штаб құрды.

ТЖД мен ПД қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының арқасында өрт дер кезінде сөндірілді. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Қала әкімдігінің мәліметінше, қажет болған жағдайда тұрғындар уақытша қала қонақүйлеріне орналастырылады. Сонымен қатар, әлеуметтік және материалдық көмек те көрсетіледі.

— Аталған үйдің зақымданған сыртқы қасбеті мен басқа да шығындары жедел түрде қалпына келтіріледі, — делінген ресми хабарламада.

Әкімдік өкілдері бұған дейін де осындай жағдайларда тұрғындарға толыққанды көмек көрсетілгенін еске салды. Мәселен, Бұланты көшесі, 14-үйдегі жатақханада болған өрттен кейін тұрғындар жаңа пәтерлерге көшірілген болатын.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады