Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды

04.06.2025, 11:49
3582
Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды коллаж smartnews.kz

Бас прокуратура Алмасбек Садырбайға қатысты іс бойынша түсініктеме берді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Алмасбек Садырбай 1,2 млрд теңге көлеміндегі субсидияны жымқырды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Бас прокуратура Kazinform сауалына берген жауабында мәлімдеді.

Қазір Садырбай Қазақстан Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша (аса ірі көлемдегі алаяқтық) күдікті ретінде тергеу изоляторында отыр. Бұл бап бойынша:

Қызмет бабын пайдалана отырып;

Ақпараттық жүйелер арқылы;

Мемлекеттік сатып алу саласында;

Адамдар тобымен сөз байласу арқылы жасалған алаяқтық қамтылады.

Егер сот оны кінәлі деп таныса, Садырбай:

10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы,

мүлкі тәркіленуі,

өмір бойына белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Бастапқыда іс Қаржылық мониторинг агенттігі арқылы 189-баппен тергеліп жатқан, алайда кейін ҚПК-нің 194-бабы негізінде прокуратураның арнайы прокурорларына берілген. Себебі, бұл бапқа сәйкес, іс күрделі немесе бейтараптыққа сенім азайған жағдайда прокуратура тергеуді өз қолына ала алады.

Қазіргі таңда іс Алматы облысы прокуратурасының арнайы басқармасында тергеліп жатыр. Тергеу мəліметтері ҚПК-нің 201-бабына сай жария етілмейді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды