Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
04.06.2025, 18:49
3712
Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты AFP 2023

Несие алып, банктерден қарызға кіріп жатқанына алаңдаушылық білдірді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласының орталық мешітінің наиб-имамы Тимур Алиев қажылыққа немесе құрбандыққа бару мақсатында несие алу – шариғат нормаларына сай келмейтінін ресми түрде мәлімдеді. Бұл туралы ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында айтты.

Имамның айтуынша, Ислам дінінде адамның мүмкіндігінен тыс әрекеттерге баруға мәжбүрлеу – дұрыс емес. Сондықтан қаржылық мүмкіндігі жоқ адамның қажылыққа баруға тырысып, несие немесе қарыз алуына шариғат тұрғысынан рұқсат берілмейді.

Алла Тағала адамның шамасынан тыс нәрсені жүктемейді. Егер адамның жағдайы болмаса, ол үшін жауап бермейді және күнә жазылмайды. Бұл қағида құрбан шалуға да, қажылыққа да қатысты”, – деді Тимур Алиев.

Имам қазіргі кезде кейбір мұсылмандардың қажылық пен умра сапарларын өтеу үшін несие алып, банктерден қарызға кіріп жатқанына алаңдаушылық білдірді.

“Қазір кейбір азаматтар умраға немесе қажылыққа бару үшін несие алады. Бұл дұрыс емес. Мұндай әрекетке шариғат рұқсат бермейді. Себебі қажылық – тек қаржылай және физикалық мүмкіндігі бар адамға ғана парыз, ал қалғандары үшін ол – нәпіл, яғни орындалмаса күнә емес”, – деді наиб-имам.

Исламда қажылық – діннің бес парызының бірі болғанымен, оған бару міндеті тек мүмкіндігі бар адамға жүктеледі. Яғни, егер адамның денсаулығы немесе қаржысы қажылыққа жетпесе, ол бұл парыздан босатылады.

Сарапшылар да бұл пікірмен келіседі. Қоғамда исламдық қаржыландыру немесе пайызсыз несие деген түсініктер пайда болғанымен, олар қажылық үшін несие алудың шешімі емес екенін ескертеді. Оның орнына, адамдар қажылыққа дайындықты ұзақ мерзімді жоспар ретінде қарап, ақша жинап барып орындағаны абзал.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады