Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
04.06.2025, 20:15
5865
Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) бейнежазбадан

Қазақтардың шығармайтыны жоқ дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістанда өткен ерекше той әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.

63 жасқа толған ер азамат пен оның жары мейрамханаға қайықпен кіріп, жұрттың назарын аударды. Алайда тойдағы бұл ерекше "шоу" баршаға бірдей ұнай қоймады.

Желі қолданушылары тойдың "шектен шыққан креатив" екенін айтып, мұндай дарақылыққа жол беруге болмайтынын жазуда. Бірқатары бұл көріністі "Титаниктегі Джек пен Роуздың сценариі" деп келеке етсе, енді бірі "теңіз жоқ жерде қайықпен жүру – цирк" деп сынады.

“Ұшатын тәрелкемен кірсе де таңғалмаймын”, “Қазақтар, шығармайтындарың жоқ. Не болса да ұят қой”, “Цирк. Асабаның ойлап тапқаны шығар, оған да ақша төлейді” – деген секілді пікірлер желіде жиі кездесуде.

Бірақ барлығы бірдей той иелерін айыптаған жоқ. Кейбір қолданушылар бұл әрекетті өмірдің өзенін бірге жүзіп өткен ерлі-зайыптылардың символикалық қадамы ретінде қабылдаған:

“Әдемі. Қазір екінің бірі ажырасып жатыр, ал бұлар бірге қартая білген жандар”.

Қайықпен кіру идеясы асабанікі болуы мүмкін деген болжамдар айтылып жатыр. Айта кетейік, соңғы жылдары елімізде ерекше той трендке айналып, "есте қаларлық шоу жасау" жарысы белең алып барады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді