«Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген
Қыз «күйеуінен» қашып кетіп, туған әкесінен көмек сұраған.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағанды облысында анасы 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға тұрмысқа бергені үшін ата-аналық құқықтан айырылуы мүмкін.
Қарағанды облысының Абай қаласында 15 жастағы қызын 38 жастағы ер адамға тұрмысқа берген әйелге қатысты тергеу жүріп жатыр. Қыз бала «күйеуінен» бес күннен кейін қашып кетіп, туған әкесіне жүгінген. Әкесі бірден полицияға шағым түсіріп, бұрынғы жұбайын ата-аналық құқықтан толық айыруды талап етуде.
Оның айтуынша, анасы қызын үйленуге көндіріп, мектептен қашықтан оқытуға көшірген. Болжам бойынша, әйелдің бұл шешімі діни көзқарасқа байланысты болған.
Қыз бала болған жайтты кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысында да растаған. Білім бөлімі өкілі Марина Стрельникова:
«Баланың айтуынша, оны тұрмысқа берген. Ол бес күн бойы үйде болмаған. Анасы осы уақыт ішінде полицияға хабар бермеген. Комиссия сотқа жүгінуді орынды деп санады», – деді.
Қазір анасының ата-аналық құқығын шектеу мәселесі сотта қаралып жатыр. Қыздың әкесі мен мектеп өкілдері оның әрекетін кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп есептейді. Сот шешімі кейінірек жарияланады.
Материал авторы