Алматы облысындағы оқушы өлімі: туыстары әлімжеттік себеп болды дейді

18.03.2023, 10:25
595
Алматы облысындағы оқушы өлімі: туыстары әлімжеттік себеп болды дейді smartnews.kz

Алматы облысында көз жұмған 14 жастағы жасөспірімнің туыстары оның өліміне әлімжеттік себеп болды деп отыр, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Туыстарының сөзінше, ауылдың сотқарлары өзінен жасы кіші балалардан үнемі ақша жинап күш көрсетеді екен. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Іш құрылысына зақым келген 9-сынып оқушысы үш күн бұрын ауруханада қайтыс болған. Қайғылы оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалған. Ауруханада көз жұмған 14 жастағы баланы туыстары кеше ғана жерлеген. 

"Үйге келді, он жарым, он бір кезінде. Келді де, құсты. Құсқан соң жедел жәрдем шақырдым. "Міне, балаңызды көріңіз, ішектері жарылып, іріңдеп кеткен. Ішін қатты соққан, қан ұйып қалған" деді. Балам сап-сау жүрген. Осындай болады деп ойламадым", - Айболат Мұратханның анасы Сайрат Ұғыбай.

Марқұмның телефонын қарап шыққан жақындары ауылдың сотқарлары өзінен жасы кіші балаларды бопсалап, үнемі ақша жинайтынын біліпті. Марқұмның ағалары ініміз таяқ жеп, ауыр жарақаттан бақилық болғанына сенімдіміз дейді.

"Марқұм болған ініміздің телефонынан жоғары сынып оқушыларының ақша сұрағанын, қанша сұрағанын, не үшін сұрағанына дейін жазылған. Біреудің Kaspi red-ін жауып берген. Біреудің машинасын жөндеуге алған. Біреуге кальян әкеп берген. Бірақ Еңбекшіқазақ ауданы полициясы бөлімінің іс-әрекеті түсініксіз. Тергеудің әділ жүргілуін сұрамаймыз, талап етеміз", - Марқұмның ағасы Талғат Нұрман.

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция мәйітті тексеру барысында марқұмның денесінен зорлық-зомбылықтың белгілері табылмағанын жеткізді.

"Арыз ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша тіркелді. Мәйітті тексеру хаттамасында баланың денесінде зорлық-зомбылықты өлім белгілері жоқ екендігі анықталды. Өлім себебін анықтау үшін қажетті сұрақтар қойылған сот-медициналық сараптама тағайындалды", - Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ернар Сайділдин. 

Баланың өліміне нақты не себеп болғаны сот-медициналық сараптама қортындысынан кейін белгілі болады. Ал баласынан айырылған отбасы тергеу әділ жүргізіліп, кінәлілердің тиісті жазасын алуын талап етеді.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды