«9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты

Аиса Махамбет Редактор
05.06.2025, 19:27
14361
«9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты бейнежазбадан

Мен жаман әжемін деп ойламаймын дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан мен Татарстанның халық әртісі, опера әншісі Нұржамал Үсенбаева тоғыз немересі бар екенін айтып, отбасылық өмірі туралы сыр бөлісті. Бұл туралы ол Jibek Joly телеарнасындағы "Бүгін.Live" бағдарламасында мәлімдеді.

"Бізде тоғыз немере бар. Мен жаман емес әжемін деп ойлаймын. Барлығына еркіндік бердік. Әрқайсысының өз отбасы бар. Сондықтан олар да еркін, біз де тыныш. Өйткені менің жолдасым Төлеген Мұхамеджанов екеуміз – өнер адамымыз. Бізге шығармашылық атмосфера қажет. Түнгі он екіде рояльға отырып, әндерімді жаттап, распевка жасап, шырқаймын. Маэстро да шабыттанса, жұмысын жалғастыра береді. Біз бір-бірімізге де, өзгелерге де кедергі келтірмейміз", – деді әнші.

Немерелері туралы айта келе, Үсенбаева олардың ешқайсысы өнер жолына түспегенімен, өнерге деген ықыластары зор екенін жеткізді.

"Олар өнерде емес, бірақ өнерді жақсы көреді. Концерттерімізге гүл алып келеді. Сурет салады, бимен айналысады. Бірақ біз әлі шөбере сүйген жоқпыз – оған жаспыз", – дейді ол күліп.

Сұхбат барысында халық әртісі әлеуметтік желідегі сын-пікірлерге де тоқталды.

"Кей адамдар жақсы тілектерін жазады. Бірақ ұнамайтын пікірлер де болады. Әркімге ұнау – міндет емес. Ол да өмірдің бір бөлігі", – деп түйіндеді Үсенбаева.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады