«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек

Азиз Қалижан Редактор
05.06.2025, 20:11
14348
«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек бейнежазбадан

Ол тойға 2000 адамның тізімі шыққанын айтқан еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші, эстрада жұлдызы Сәкен Майғазиев ұлының алдағы тойына қатысты тың мәлімдеме жасады. Өнер иесі бұл қуаныш сәтін көпшілікпен бірге атап өту үшін тойды тікелей эфирде көрсетуді жоспарлап отырғанын айтты.

"Аллаға шүкір, той жасауға шамамыз жетеді. Бірақ осыншама адамның тілектес болатынын, атсалысатынын үш ұйықтасам, түсіме де кірмепті. Жүздеген адам хабарласып, ‘біз де қатысқымыз келеді’, ‘жай тойда жүрейікші’ деп жазып жатыр. Мейрамхана 700-800 адамға ғана арналған. Бірақ сыртта қалып жатқан, тек тілектестік танытқысы келетін жандар көп", – деді ол.

Әншінің айтуынша, бұл шешім халық арасындағы қызығушылыққа жауап ретінде қабылданған.

"Сондықтан тойды тікелей эфирде көрсетсек пе деп отырмыз. Әрине, оған тіркелу керек болатынын алдын ала ескертеміз", – деп мәлімдеді Майғазиев.

Сонымен қатар ол әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлерге де тоқталды:

"‘Сенің тойың кімге керек?’ деп жазып жатқандар бар. Бірақ ондай пікірлерге менің иммунитетім қалыптасқан. Шын ниетпен қатысқысы келетіндер өте көп", – деді ол.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр