Ғасырда үшінші рет: Елена Рыбакина ойнайтын Индиан Уэллс турнирінің финалы тарихта қалады

18.03.2023, 10:49
639
Ғасырда үшінші рет: Елена Рыбакина ойнайтын Индиан Уэллс турнирінің финалы тарихта қалады ktf.kz

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Елена Рыбакинаның қатысуымен өтетін Индиан Уэллс WTA 1000 турнирінің финалы тарихқа енбек, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Биыл Аустралия ашық чемпионатының финалында қазақстандық Елена Рыбакина мен белоруссиялық Арина Соболенконың кездескені белгілі.

Алдағы жексенбі күні таңмен Индиан Уэллс мастерс турнирінің финалында да осы екі теннисші бас жүлдені сарапқа салмақшы.

OptaAce Twitter аккаунтынан мәлім еткендей, мұндай жағдай ХХІ ғасырда бұған дейін екі рет орын алған еді.

2000 жылы екі финалда Линсдей Девенпорт пен Мартина Хингис кортқа шыққан еді. Ал 2012 жылы осы көрсеткішті Мария Шарапова мен Виктория Азаренко қайталады.

Осылайша Рыбакина мен Соболенко ғасырда үшінші рет аталған екі жарыстың соңғы бәсекесінде бақ сынайды.

Индиан-Уэллсте жартылай финалда әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентектен басым түскен Е.Рыбакина матчтан кейін бәсекенің оңайға түспегенін жеткізді.

«Осылай жақсы ойнаймын деп күтпедім. Мен үшін жоғалтатын ештеңе жоқ еді. Сондықтан өз ойынымнан ләззат алам ба деп ойладым, бұның пайдасын көрдім. Сөйтіп биылғы үздік матчтарымның бірін өткіздім. Оған көңілім толды. Жексенбі күні де солай ойнаймын деп үміттенемін», - деді Е.Рыбакина.

Е.Рыбакина мен А.Соболенко арасында финал 20 наурыз күні Астана уақытымен сағат 04.00-ге жоспарланған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлемнің 1-ракеткасын ұтқан Елена Рыбакинаның алғаш рет Индиан Уэллс мастерс турнирінің финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик АҚШ-тағы жарыстың ширек сфиналына өтті.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды