1726

Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған

Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Атыраулық блогер бизнесменнен 2 млн теңге бопсалаған
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау қаласында видеоблогер мен оның серіктесі кәсіпкерден 2 миллион теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды.

Мәліметке сәйкес, 33 жастағы видеоблогер мен 39 жастағы қала тұрғыны кәсіпкерден ақша бопсалаған. Тергеу мәліметтері бойынша, олар кәсіпкерге қысым көрсетіп, ірі көлемде ақша талап еткен. Тінту шарасы кезінде күдіктілердің бірі полиция қызметкеріне күш қолданғаны да тіркелген.

Қазіргі уақытта екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің “Қорқытып алу” және “Билік өкіліне күш қолдану” баптары бойынша іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары істің мән-жайын анықтап жатыр.

Материал авторы