1692

Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған

Оқиға орнына құтқарушылар келіп жетті.

Қарағандыда ер адам тоғызыншы қабаттан жіппен салбырап тұрған
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 5 маусымда Қарағандыда Тәттімбет көшесінде тоғызыншы қабаттағы балконнан арқанға салбырап тұрған ер адам құтқарылды. Көршілердің шұғыл хабарламасынан кейін оқиға орнына полиция және құтқарушылар жетті.

Қарағанды қаласы Оңтүстік-шығыс полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы орынбасары Адлет Амирбеков балкон сыртында тұрған ер адаммен сөйлесіп, оны райынан қайтаруға тырысты. Полиция қызметкерлері төменгі қабатта қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Біраз уақыттан кейін ер адам ішке тартылып, құтқарылды.

Қазіргі таңда азамат медициналық бақылауда. Дәрігерлер мен психологтар оның мұндай әрекетке не себеп болғанын анықтап, қажетті көмек көрсетуде.

Материал авторы