Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО)

09.06.2025, 13:13
1029
Шерзаттың өлімі: Сотталғандардың туыстары Тоқаевтан әділдік сұрады (ВИДЕО) бейнежазбадан

Олар Қаржаубай кінәлі деуден танбай отыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талғарда қаза тапқан 16 жастағы Шерзат Полаттың ісі бойынша сотталғандардың туыстары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Олар марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың әрекеттері де тергеуді талап етеді.

Үндеуде не айтылды?

Өзін Абаужан деп таныстырған ер адамның сөзінше, Шерзаттың туыстары қайғылы оқиғадан кейін әлеуметтік желі мен қоғам пікірін пайдаланып, халыққа психологиялық қысым жасаған. Сондай-ақ олар Нұрымовтың оқиға түнінде пышақпен екі рет шабуыл жасағанын алға тартады.

"Жәбірленуші тараптың әрекеттері мұқият тексерілуі тиіс. Әлеуметтік желіде арандатушылық пен жалған ақпараттар тарады. Пышақ ұстаған адам қаһарманға айналып кетті", – дейді үндеушілер.

Не сұрап отыр?

Олар Тоқаевтан Бас прокуратура мен ҰҚК-не осы жағдайды қайта қарап, қос тарапқа да әділдік орнатуды сұрайды.

"Қазақстан әділдікке зәру. Бейбітшілік пен тыныштық үшін бұл істі ашық қарап шығу қажет", – дейді үндеуге қатысушылар.

Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады «Судья тіке қарай алмады»: Шымкентте сотты «дуалады» деген балгер тергеліп жатыр «Бір сәтте мені қаралап, үміт үздірді»: Қаржаубай Айтбек Амангелдімен не үшін байланыс үзгенін айтты Алматыда жындыханадан қашқан ер адам іздестіріліп жатыр Трамп Иранға соққы беруді мақұлдады Талдықорған тұрғынының үйінен екі басты жылан табылды Атырау тұрғындары тұрмысы төмен жандар үшін далаға тоңазытқыш орнатты «Желідегі парақшалары тексеріледі»: Гарвард қазақ студенттерін оқытуды жалғастырады Ақтөбе облысында қоқыс шұңқырына құлаған 9 жасар қыз бен ер адам қайтыс болды