«Ешкім хабарласқан жоқ»: Шерзаттың отбасына уәде етілген баспана үшті-күйлі жоқ (ВИДЕО)

10.06.2025, 14:30
1199
«Ешкім хабарласқан жоқ»: Шерзаттың отбасына уәде етілген баспана үшті-күйлі жоқ (ВИДЕО) бейнежазбадан

Марқұмның туыстары әкімдікке қанша барса да, әкімнің қабылдауына кіре алмаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, блогер Жан Ахмадиев былтыр қайтыс болған Шерзат Полаттың отбасына уәде етілген баспана әлі күнге дейін салынбағанын айтты. Әкімдік те, меценаттар да үнсіз.

2023 жылдың қазанында Нұрымовтар отбасының үйі өртке оранып, түгі қалмай жанып кеткен еді. Сол кезде Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі мен қоғам белсенділері отбасыға жаңа үй салуға көмектесеміз деген болатын. Алайда арада бірнеше ай өтсе де, уәде орындалмаған. Тіпті, отбасы үйдің іргетасын өздері құйып үлгерген.

«Қаржаубайдың өзі іргетасын құйды. Демек, үйді ешкім салып бермейді. Болашақта тек қаражат жиналуы мүмкін», – дейді Ахмадиев.

Әкімдік уәдеде, іс жоқ

Марқұм Шерзаттың әпкесі Перизат Нұрымованың айтуынша, әкімдік тарапынан ешқандай нақты көмек көрсетілмеген. Құжаттарды өздері жасап, жобаны бекітіп бергенімен, іс алға жылжымай отыр.

«Үйдің сызбасын да өздерімен бірге таңдап, тапсырып бердік. Қажетті құжаттарды сот басталмай дайындап қойдық. Бірақ ешкім хабарласқан жоқ», – дейді ол.

Сонымен қатар, әкімдік тарапынан жалған ақпарат тарағанын айтып отыр. Мәселен, өртенген үйдің қалдықтарын әкімдік тазартты деген дерек шындыққа жанаспайды.

«Үйді сүріп, күл-қоқысын шығаруды өз қаражатымызға істеттік. Әкімдіктің еш көмегі болмады», – дейді Перизат.

Әкімдік не дейді?

Алматы облысы әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме беріп, құрылыс жұмыстары жуырда басталатынын айтты.

«Құжаттар толық тапсырылды. Бұған дейін екі қабатты үй салу ұсынылғанымен, дайын бір қабатты жобамен жұмыс жүргізілетіні түсіндірілді. Қазіргі таңда барлық рұқсаттар дайын, құрылыс басталады», – делінген әкімдіктің мәлімдемесінде.

Алайда марқұмның туыстары әкімдікпен нақты байланыс орнатылмағанын айтады. Қанша рет барса да, әкімнің қабылдауына кіре алмаған.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады