«1380 теңге шығынның аз бөлігін жабады»: Онлайн-той ұйымдастырғандар салық төлеуге міндетті

10.06.2025, 15:15
765
«1380 теңге шығынның аз бөлігін жабады»: Онлайн-той ұйымдастырғандар салық төлеуге міндетті instagram.com/saken_maigaziyev

Сәкен Майғазиев ұлының тойын 1380 теңгеге сатты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойы төңірегіндегі онлайн-трансляция жұрт назарын аударды. Себебі бұл – ақылы форматта ұйымдастырылып отырған алғашқы «цифрлық той». Тойды тамашалағысы келгендер жабық Telegram-арнаға 1380 теңге төлеп қосыла алады.

Бұл бастама қоғамда пікірталас туғызып, Мемлекеттік кірістер комитетінің де назарына ілікті. Комитет түсіндірмесінде көрсетілгендей, мұндай жағдайда қызмет көрсету үшін ақы алу – заң жүзінде кәсіпкерлік қызмет болып есептеледі.

«Егер онлайн-трансляция ұйымдастырушысы жеке кәсіпкер не заңды тұлға ретінде тіркелсе, түсетін табыс міндетті түрде декларацияланып, салық төленуі тиіс», – делінген комитеттің жауабында.

Заң бойынша:

Егер ұйымдастырушы арнайы салық режиміндегі шағын бизнес субъектісі болса – 3%;

Жеке кәсіпкер – 10%;

Заңды тұлға болса – 20% мөлшерінде салық төлеуге міндетті.

Бұл ереже тек онлайн-тойға емес, той бизнесіне қатысы бар барлық қызмет түріне қатысты: мейрамханалар, асабалар, музыканттар мен шоу-бизнестегі ұжымдар да салық заңнамасына бағынуы тиіс.

Онлайн-той жобасын ұйымдастырып жатқан продюсер Жан Мұқанов бұл бастама ашық әрі заң аясында өтіп жатқанын айтады. Оның сөзінше, той иелерінің бұл табысқа еш қатысы жоқ.

«Билеттерді сату, қаржы есептері, салықтық рәсімдер – барлығы ұйымдастырушы компанияның жауапкершілігінде. Той иелері бұл процестен бөлек. Бұл – мәдени форматтағы, шығармашылық жоба», – деді ол.

Продюсердің айтуынша, бұл баға – табыс табу емес, техникалық шығындарды өтеу үшін қойылған ең төменгі шек.

«Көрермен төлейтін 1380 теңге жалпы шығынның аз ғана бөлігін жабады. Біз кәсіби түсірілімге, режиссураға, дыбыс пен жарыққа, тікелей эфир платформасына, монтаж бен қауіпсіздік жүйелеріне айтарлықтай қаражат жұмсаймыз», – дейді Мұқанов.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады