Түркістан облысында 54 жастағы әйел ұл туды, сәбидің әкесі – зейнеткер

18.03.2023, 15:37
950
Түркістан облысында 54 жастағы әйел ұл туды, сәбидің әкесі – зейнеткер turkistan.tv

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 54 жастағы әйел босанды. Жаңа туған нәрестенің әкесі Сәрсен Қошанұлы 64 жаста, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Ордабасы аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде босанған Сәндігүл Үсенбекова жасанды жолмен жүкті болған. 15 наурыз күні ол ота жолымен дүниеге ұл бала әкелді. Нәрестенің салмағы – 4 510 гр. Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы жақсы. Ауылдық ауруханада дәрігер болып қызмет атқаратын әйел жас келгенде босанудың оңай емес екенін айтады.

«Өзімнің қызметім дәрігер болғандықтан, жақсылап күтіндім. Сондықтан, қиындықтар туындамады. Әкесі менен 10 жас үлкен. Қазір жүгіріп жүріп, құжаттарын жасатып жатыр. Қуанышында шек жоқ. 73-тегі анам да мені перзентханадан шығарып алуға келе жатыр. Тұңғышым – қыз бала», - дейді Сәндігүл Үсенбекова.

photo

Бұл – отбасындағы екінші сәби. Кеш тұрмыс құрған ана тұңғыш қызын осыдан үш жыл бұрын, яғни 51 жасында босанған. Сәбиін бауырына басқан ананың қуанышында шек жоқ. Дәрігерлерге алғысы зор.

Бүгін зейнет жасындағы әке перзентін алып кетуге келді. Сәрсен Қошанұлы да шекесі торсықтай ұл тапқан жарына дән риза. Нәрестенің есімін Нұрмұхаммед деп қойыпты.

«64 жаста ұлды болдым. Мынау қызымды 61 жасымда көрдім. Бұдан да үлкен балаларым бар. Жоғары оқу орнында оқиды. Бір қызым тұрмыста. Жиендерім бар. Перзентім осымен жетеу болды», - дейді Сәрсен Қошанұлы.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді