Шымкентте балабақша күтушісі 3 жасар баланы ұрып-соққан (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
10.06.2025, 19:02
785
Шымкентте балабақша күтушісі 3 жасар баланы ұрып-соққан (ВИДЕО) бейнежазбадан

Баланы сызғышпен ұрып, тепкілеген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкенттегі "Ай Көркем" жекеменшік балабақшасында тәрбиешінің көмекшісі 3 жасқа толмаған баланы ұрып, тепкіледі. Бұл туралы жәбірленуші баланың анасы Салтанат Есіркепова Threads әлеуметтік желісінде хабарлады.

Оның айтуынша, бала сызғышпен бетінен бірнеше рет ұрылып, тепкіленіп, еденге құлатылған. Бейнебақылау жазбалары арқылы осы әрекеттер толық дәлелденген.

“Ұлымның дауысы қарлығып қалған. Видеодан қарасақ, ол еденде ес-түссіз жатқан. Ал тәрбиешілер оның жағдайын ‘жақсы’ деп айтып отырды”, – дейді анасы.

Кейін балабақша қызметкері басшылық тарапынан оқиғаны жасыру туралы қысым болғанын да айтты. Видеоайғақтарда мекеме меңгерушісінің күтушіге “ата-ананың көзінше спектакль ұйымдастырып, кейін жұмыстан кет” дегені жазылған.

Балабақша меңгерушісі Нұргүл Мамашарипова оқиғаны растады. Қызметкер жұмысынан босатылғанын мәлімдеді:

“Ереже бұзған мамандарға біздің мекемеде орын жоқ”, – деді ол.

Қазіргі таңда аталған факт бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды