989

«Бергеннен кейін тастамаймыз»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін асыға күтіп жүргенін айтты

Актриса бұл жетінші жүктілік екенін айтты.

«Бергеннен кейін тастамаймыз»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін асыға күтіп жүргенін айтты
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, актриса әрі Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиіне жүкті екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол НТК телеарнасындағы “Ревю” бағдарламасында айтты.

Әбдікәрімованың айтуынша, бұл жүктілік өзі үшін күтпеген жаңалық болған.

“Мүлдем ойлаған жоқпын. Сол кездегі жағдайымды бәрі көрді. Бірақ солай болуы керек болған шығар. Қуандым. Төрт балам бар. Енді бесіншісін де қуана қабылдаймыз. Бергеннен кейін тастамаймыз”, – деді ол.

Жұлдыз әлеуметтік желідегі парақшасында аяғы ауыр екенін растаған суреттер де жариялаған болатын.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор