Атырауда блогер мен оның досы 33 млн теңгені алаяқтық жолмен иемденгені үшін сотталды

11.06.2025, 11:33
1127
Атырауда блогер мен оның досы 33 млн теңгені алаяқтық жолмен иемденгені үшін сотталды SMARTNEWS.KZ коллажы

Айыпталушылар парақшаларында жалған сыйлық жарнамалаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырауда блогер мен оның серігі ірі көлемде алаяқтық жасады деген айыппен бас бостандығынан айырылды. Қалалық №2 соттың үкімімен блогер Н. 6 жыл 6 айға, ал оның досы С. 5 жыл 6 айға сотталды.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2024 жылдың наурыз-сәуір айларында олар танысы Ш.-ны инвестиция арқылы пайда табуға болады деп сендіріп, 33 млн теңгеден астам қаржы аударуға көндірген. Жәбірленуші несиелер алып, бағалы заттарын кепілге қойып, ақшасын мобильді қосымша арқылы жіберген. Алайда уәде етілген табысты ала алмаған.

Сонымен қатар, айыпталушылар Instagram парақшаларында жалған сыйлық жарнамалап, гүл сататын бірнеше компанияны да ақысыз қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Нәтижесінде, тағы екі кәсіпкер 4 млн теңгеге жуық шығынға батқан.

Сот алаяқтық деректері жәбірленушілердің айғақтарымен, банк жазбаларымен және тергеу материалдарымен толық дәлелденгенін мәлімдеді. Айыпталушылар өз істеріне өкінген, біреуінің жас баласы бар екені ескеріліп, жеңілдетілген жаза тағайындалған.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды