Қарағандыда өгей әке-шешесі азаптаған екі жасар баланың шашы ағарып кеткен

11.06.2025, 12:56
984
Қарағандыда өгей әке-шешесі азаптаған екі жасар баланың шашы ағарып кеткен бейнежазбадан

Қазір атышулы 6 асыранды баланың ісіне қатысты сот отырысы өтіп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қарағандыда жаңа туған сәбилерді сату-сатып алу дерегі бойынша сот процесі жүріп жатыр. Қылмыстық іске балалардың биологиялық анасы, перзентханадағы медбике және екі отбасы тартылған. Бұл туралы КТК арнасы сот залынан жеткізді.

Іс материалдарына сүйенсек, 2022 жылы көпбалалы әрі жесір әйел дүниеге сәби әкеліп, оны перзентсіз отбасыға берген. Бұл процесте қалалық перзентхананың медбикесі делдал болған. Сол схема 1,5 жылдан кейін тағы қайталанып, келесі бала екінші ерлі-зайыптыға берілген.

Тергеу бастапқыда баланың биологиялық анасына 3 миллион теңге төленгенін мәлімдеген. Алайда кейін бұл әрекет "сыйға тарту" бабына ауыстырылған. Екі жағдайда да “әкесі” ретінде болашақ асырап алушының аты құжатқа енгізіліп, жалған ДНҚ сараптамасы жасалған.

Мемлекеттік айыптаушы Нұрбек Құзбақовтың айтуынша, мұндай әрекеттер бала құқықтарын қорғауға бағытталған заң талаптарын айналып өту болып саналады.

— Перзентханадағы медбике мен екінші отбасы кінәсін мойындамай отыр. Олар "балаға жақсы өмір тілеп, балалар үйіне түсірмеу үшін солай істедік" деген уәж айтады, — дейді адвокат Алмас Абдақасов. — Бірақ бұл әлеуметтік миссия емес, заңбұзушылық.

Қыз бала асырап алған ерлі-зайыпты кінәсін мойындады. Қазір олар сот шешімін күтіп отыр. Тергеу кезінде бүлдіршін бейімдеу орталығына жіберілген. Адвокат Ирина Маленконың айтуынша, орталықтағы ауыр ахуал баланың психикасына зиян келтіріп, тіпті екі жасында шашы ағарып кеткен. Психологтар бұл жағдайды «қорлықтан туған күйзеліс» деп бағалаған.

Прокурордың талабы бойынша:

Кінәсін мойындаған отбасы мен баланың биологиялық анасына — 8 жыл шартты жаза;

Медбике мен кінәсін мойындамаған екінші отбасыға — 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы сұралды.

Сот үкімі әлі шыққан жоқ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды