«Мобилографтарымен келеді»: Сәкен Майғазиев 800 адамды тойға сыйдыру үшін 100 қонақты тізімнен алып тастаған

Аиса Махамбет Редактор
11.06.2025, 19:30
1054
«Мобилографтарымен келеді»: Сәкен Майғазиев 800 адамды тойға сыйдыру үшін 100 қонақты тізімнен алып тастаған бейнежазбадан

1380 теңгеге тойын көрсетпек болған әнші дүбірлі тойының ұйымдастыруы туралы әңгімеледі.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына келетін қонақтарды іріктеп, 100-ге жуық адамды тізімнен қысқартуға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

Той ұйымдастыру мәселесі оңай емес екенін айтқан өнер иесі, тойда тәртіп сақтау үшін мобилографпен бірге келетін әншілерді қабылдай алмайтынын жеткізді. Бұл туралы ол журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында айтты.

"800 адамды басқару оңай емес. Оның ішінде 100-і әнші болса, әрқайсысы мобилографпен келсе, ол жерде хаос басталады. Той ұйымдастырушылары мұндай жағдайда тәртіп сақталмайтынын айтты. Сондықтан көп әріптесімнің көмекшілеріне, мобилографтарына 'Шарапат той жасап береді' деп қалжыңдап айтып жатырмын", – деді әнші.

Сәкен Майғазиев тойға келетін әншілер мен жұлдыздардың көңілін қимайтынын да жасырмады. Бірақ ұйымдастыру жұмыстарының шынайы күрделілігі осындай қадамға баруға мәжбүр еткен.

Сонымен қатар, бұл той ерекше форматта өтетінімен де көзге түсті – өнер иесі ұлы Әділет пен келіні Әдияның тойына онлайн қатысқысы келетіндер үшін арнайы ақылы стрим ұйымдастырған.

"Әділет пен Әдияның тойына онлайн қонақ болу үшін тіркеу басталды. Тіркелу құны – 1380 теңге", – деп жазды Майғазиев желідегі парақшасында.

Алайда бұл бастамаға Мемлекеттік кірістер комитеті де назар аударып, онлайн той арқылы табыс тапқан жағдайда салық төлеу қажет екенін ескертті.

"Егер іс-шараны ұйымдастырушы жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелген болса, алынған табысты декларациялап, салық төлеуге міндетті", – делінген ресми хабарламада.

Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті Қаржаубай Нұрымов сотталушылар беретін ақшаны балалар үйіне аударатынын айтты Зағип енесінің атына несие рәсімдеген келін төркініне қашып кеткен Енді астаналық студенттерге оқу ақысын өтеуге көмек беріледі Алматыда дүкенге шыққан 89 жастағы әже үйіне жете алмай қайтыс болды Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті АҚШ дегенінен қайтты: Трамп Қытаймен сауда келісімін жариялады Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды Тоқаев Путинді Ресей күні мерекесімен құттықтады