1563

Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды

Райм қуанышты жаңалығын жеткізді.

Ерке Есмахан мен Raim тағы да ата-ана атанды
instagram.com/raimusican

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық шоу-бизнестің ең танымал жұптарының бірі – Ерке Есмахан мен Raim отбасында қуаныш! Әнші Raim Instagram парақшасында ұлды болғанын хабарлап, алғашқы әсерлі кадрлармен бөлісті.

“Аль-Хамду ли-Ллях, қош келдің, ұлым! Райымбек батыр!” – деп жазды әнші.

Жазбаға қоса, Raim баласының кішкентай қолын сүйіп тұрған сәттің суретін жариялаған. Сәби дәстүрлі ақ жөргекке оралған.

Желі қолданушылары мен өнер иелерінің құттықтаулары қарша жауып жатыр:

“Бақытты болыңдар!”, “Райымбекке ұзақ ғұмыр мен зор денсаулық тілейміз!”, “Нағыз әке – нағыз батыр!” – деп жазды желі қолданушылары.

Ал Ерке Есмахан бірнеше күн бұрын-ақ табиғат аясындағы фотосессиясын жариялап, өмірінде ерекше кезең басталғанын айтып, тыңдармандарын болжамға жетелеген еді.

Айта кетейік, Ерке Есмаханның алғашқы некесінен туған ұлы – Муслим. Ал 2023 жылы Raim мен Еркенің алғашқы ортақ перзенті – Ислам дүниеге келген еді. Енді отбасы тағы бір мүшемен толықты.

 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор