Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті

12.06.2025, 11:33
1231
Шымкентте 13 млн теңге жымқырған мектеп бухгалтері сотталып кетті Фотоколлаж Azattyq Rýhy

15 мұғалімнің жалақысын негізсіз артық есептеп, бәрін өзі «жеп» келген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шымкент қаласындағы №43 мектептің бас бухгалтері Айдана Мекемтас 13 миллион теңгеден астам қаржыны иемденгені үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот мәліметінше, 27 жастағы Мекемтас 2022 жылдың қаңтарынан бастап 2024 жылдың тамызына дейін 15 мұғалімнің жалақысын негізсіз артық есептеп, артық аударылған сома ретінде педагогтардан ақша жинап отырған. Бірақ бұл қаржы мектептің бюджетіне емес, өзінің жеке шотына аударылған.

Бұдан бөлек, мектепке қажетті заттар сатып алу үшін бөлінген қаражатты жеке кәсіпкердің атына аударып, кейін ол соманы да иемденгені анықталды.

Жалпы келтірілген залал — 13 миллион теңгеден астам.

Айыпталушы кінәсін толық мойындап, шығынды мемлекетке толық өтеген. Алайда сот оны Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлімі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету) бойынша кінәлі деп таныды.

Сот үкімі бойынша 2 жылға бас бостандығынан айырылып, мемлекеттік және квазимемлекеттік органдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Айыпталушы сот залында қамауға алынды.

Жәбірленуші тарап ретінде Шымкент қалалық білім басқармасы танылды. Үкім заңды күшіне енді.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды