Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды

12.06.2025, 12:13
473
Көбірек жекелендіру: TikTok ұсыныстар арнасында контентті басқарудың жаңа функцияларын ұсынды TikTok

TikTok пайдаланушыларға ұсыныстар арнасын тиімді басқаруға көмектесетін жаңа функцияларды ұсынды.

Жаңартулар видеолардың таңдаулы тақырыптарын баптауға, түйінді сөздер бойынша жетілдірілген сүзгіні пайдалануға мүмкіндік береді, сондай-ақ жекелендірілген контенттің қалай қалыптасатыны туралы жаңартылған білім беру ресурстарына қолжетімділік ұсынады.

TikTok әр пайдаланушыға жекелендірілген тәжірибе жасауға ұмтылады. Платформаның ұсыныстар арнасы — оның бірегей және ажырамас бөлігі: ол пайдаланушыларға жаңа сүйікті контент авторларын табуға, өздері үшін қызығушылықтың жаңа салаларын ашуға және әрқайсысына жеке іріктелген контенттен ләззат алуға көмектеседі. Осы айда платформа пайдаланушыларға өз қалауларын қызығушылықтарына сәйкес бұрынғыдан да дәлірек баптауға мүмкіндік беретін жаңа функцияларды іске қосты.

Сіздің TikTok — сіздің қызығушылықтарыңыз

Әрбір TikTok пайдаланушысының ұсыныстар арнасы — оның қандай контентті көбірек қарайтынына және қандай видеолар оған көбірек қызық болып көрінетініне негізделеді. «Тақырыптарды басқару» деп аталатын жаңа функция — бұл TikTok-ты пайдаланушының жеке қызығушылықтарына қарай жекелендіру жолындағы тағы бір қадам. Ол белгілі бір санаттар бойынша контентті қаншалықты жиі көргіңіз келетінін таңдауға мүмкіндік береді — мысалы, өнер, саяхат, спорт, сұлулық пен сән, тамақ, табиғат, әзіл және т.б.

Баптаулар пайдаланушының қалауы өзгеріп отыратынын ескере отырып, ұсыныстар арнасында белгілі бір тақырыптағы видеолардың пайда болу жиілігін реттейді. Бұл жаңалық сонымен қатар пайдаланушыларға өз қызығушылықтары бойынша жаңа авторларды оңай табуға жол ашады. Мысалы, табиғат немесе саяхат тақырыптарын таңдағандар Қазақстанның көрікті аймақтарын көрсететін @zhuldyz_rakhmet немесе ішкі туризм мен шетелге саяхаттауға шабыттандыратын @travelove100 сияқты танымал креаторлардың және ұқсас тақырыпта контент жасайтын басқа авторлардың видеоларын жиірек көре алады.

Негізгі сөздер бойынша ақылды сүзгі

Тағы бір жаңарту бұрыннан бар негізгі сөздер бойынша сүзгілеу функциясын кеңейтуге байланысты. Бұрын пайдаланушылар ұсыныстар арнасындағы контенттің тақырыптарын шектеу үшін белгілі бір сөздерді орната алатын. Бұл функция арқылы бүкіл әлем бойынша пайдаланушылар 200 миллионнан астам негізгі сөзді қолданып, контентті сүзгілеген.

Енді TikTok «Кеңейтілген сүзгіні» ұсынды — бұл тек нақты сөздерді ғана емес, сонымен қатар синонимдерді және мағынасы жақын тіркестерді танитын жетілдірілген құрал. Сонымен бірге сүзгілеуге болатын сөздердің шекті саны 200-ге дейін ұлғайтылды. Осы жаңартудың арқасында пайдаланушылар арнада не пайда болатынын әлдеқайда нақты басқара алады, осылайша өздеріне жайлы цифрлық кеңістік жасай алады.

Мысалы, «мысықтар» негізгі сөзін сүзгіге енгізген қолданушы «мысықтар», «мысықт@р», «м ы с ы қ» және «марқау» сияқты әртүрлі нұсқаларын да блоктай алады. Ұқсас механизм арқылы ата-аналар жасөспірімдер үшін ұсыныстар арнасынан қажетсіз контентті алып тастайтын сөздер мен хэштегтерді таңдай алады.

Жаңа оқыту бөлімі

TikTok сонымен қатар Қауіпсіздік орталығында жаңа білім беру ресурсын іске қосты. Мұнда ұсыныстар арнасының қалай жұмыс істейтіні және оны әртүрлі құралдар көмегімен жекелендіріп, қауіпсіз ету жолдары түсінікті тілде баяндалған. Пайдаланушылар мұнда ең жиі қойылатын сұрақтарға жауап, практикалық кеңестер және контентті басқару функцияларына тікелей қолжетімділік таба алады. Бұл TikTok-ты күнделікті ақпарат алу мен қызықты видеолар қарауға арналған әлдеқайда ыңғайлы әрі қауіпсіз кеңістікке айналдырады.

Видео ұсыныстарына жауапкершілікпен қарау

Жаңа функциялар ересектер мен жасөспірімдер аккаунттарында қолданылады және олар қазірдің өзінде бар құралдар мен ұсыныстар арнасын басқару мүмкіндіктерін толықтырады. Олардың қатарына мыналар кіреді:

– Кең аудиторияға арналмаған контентті шектеу үшін ұсыныстар арнасына контентті іріктеудің қатаң критерийлерін қолдану және контент деңгейлері (Content Levels) жүйесі арқылы жасөспірімдердің арнасына ересектерге арналған немесе күрделі тақырыптағы видеолардың түсуін болдырмау;

– Пайдаланушыларға видеоның олар үшін «қызық емес» екенін көрсету немесе «Қауіпсіз режимді» қосу арқылы арнаны реттеу мүмкіндігі. Бұл функциялар орынсыз контентті жасыруға мүмкіндік береді;

– Сирек көруге болатын, бірақ артық ұсынылған жағдайда мазасыздық туғызуы мүмкін контент түрлерін шектеу — мысалы, экстремалды спорт немесе фитнеске қатысты видеолар.

«Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті