Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті

12.06.2025, 14:28
544
Алматыда ерлі-зайыптыны бірнеше жерінен атып өлтірген қаскөй сотталып кетті бейнежазбадан

Жауынгерлік мылтықтан оқ жаудырған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қалалық соты ерлі-зайыптыға қарулы шабуыл жасаған 38 жастағы ер адамға қатысты үкім шығарды. Ол 16 жылға қатаң режимдегі колонияға сотталды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Қылмыс 2024 жылдың соңында болған. Сот материалдарына сәйкес, сотталушы өзін электр жөндеуші ретінде таныстырып, элиталық тұрғын үй кешеніндегі пәтерге заңсыз кірген. Ол алдын ала бет-жүзін медициналық маска мен шарфпен жасырып, тұрғындарға сенім ұялату үшін электрші кейпінде әрекет еткен.

Тергеу деректеріне сүйенсек, күдікті шабуыл жасалған пәтерде бұған дейін жиһаз орнату жұмыстарымен жүрген. Сол кезде пәтер ішіндегі сейфті байқап, ұрлық жасауды алдын ала жоспарлаған.

Оқиға күні ол пәтердің есігін қаққанда, үй иесі әйел есікті ашқан. Сол сәтте шабуылдаушы оған бағыттап жауынгерлік тапаншамен бірнеше рет оқ атқан. Айқай естіген ері көмекке жүгіріп шыққанда, оған да оқ жаудырған. Жараланған ерлі-зайыпты дереу ауруханаға жеткізілген. Медициналық көмек арқасында олардың өміріне қауіп төнбеді.

Күдікті оқиға орнынан бой тасалағанымен, көп ұзамай ұсталып, қамауға алынды.

Сот қаскөйдің әрекетін аса қауіпті рецидив және адамдардың өміріне тікелей қауіп төндіру ретінде бағалады. Оған ҚР ҚК-нің «Қарақшылық», «Адам өлтіруге оқталу» және «Заңсыз қару сақтау» баптары бойынша айып тағылды.

Сот үкіміне сәйкес, ер адам 16 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, жазасын қатаң режимдегі түзету колониясында өтейтін болады. Үкім заңды күшіне енді.

«Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр «Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды Құлсарыдағы жарылыстан зардап шеккендер шығынды кімнен өндірерін білмей отыр Өзбекстан Ресейден азаматтарының құқығын бұзуды тоқтатуды талап етті