950

«Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды

Петропавлда кісі өліміне күдікті өзіне қол салмақ болды.

«Дәретхана қағазын ораған»: Изоляторда отырған күдікті өзін өртеп жібермек болды
Алексей Филиппов / РИА «Новости»

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Петропавл қаласындағы тергеу изоляторында кісі өлтірді деген күдікпен қамауда отырған 37 жастағы азамат дәретхана қағазын үстіне орап, өзін өртемек болды.

Оқиға 11 маусым күні кешке болған. Күдікті аяқтарын дәретхана қағазымен орап, от қойған. Ол бірден көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның екі аяғынан термиялық күйік алғанын анықтаған.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, өрт дер кезінде сөндіріліп, ауыр зардаптың алдын алу мүмкін болған.

«Қазіргі уақытта ер адамның денсаулығы қанағаттанарлық. Ауруханаға жатқызудың қажет жоқ. Қазір онымен психолог жұмыс істеп жатыр», – делінген ведомствоның хабарламасында.

Аталған оқиға бойынша қызметтік тексеріс басталған.

Материал авторы