Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты

Аиса Махамбет Редактор
12.06.2025, 20:15
878
Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты жеке парақшасынан

Әдияны сырттай көріп, бірден ұнатып қалдым дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет сүйіктісімен қалай танысқаны туралы айтып берді. Оның айтуынша, болашақ жары – Маңғыстау өңірінің тумасы, жақын досының қарындасы болып шыққан.

«Бір жыл бұрын Ақтауда таныстық. Берекет деген досым кофехана ашқан еді. Әкем, көмекшісі және мен үшеуіміз сол жерге қолдау көрсетуге бардық. Сол кезде Әдияны сырттай көріп, бірден ұнатып қалдым. Бірақ ашылу салтанатында танысуға мүмкіндік болмады», – дейді Әділет.

Кейін Берекет досының үйлену тойында қайта жолыққан. Бұл жолы жандарында отбасылары да болған. Жастар кешкі басқосуда жақынырақ танысып, араласа бастаған. Тойдан кейінгі бір сәтте Әділет болашақ жарына қамқорлық танытып, аяқ киімін алып бергенін еске алады.

«Сол сәттен бастап бір-бірімізді тани бастадық. Уақыт өте келе достығымыз махаббатқа ұласты. Енді міне, шаңырақ көтердік», – деді ол.

Ал Әдия Мәулен – Жаңаөзен қаласының тумасы. Кейін Ақтауға көшіп, қазір Алматыда тұрып жатыр. Мамандығы – қонақүй бизнесі, колледж түлегі. Болашақта жоғары оқу орнына түсуді жоспарлап отыр.

«Әділетпен ресми түрде араласқанымызға тоғыз ай болды. Бір-бірімізді бұрыннан, 3–4 жылдан бері сырттай танимыз. Жасым – 20-да. Енемен тұру тақырыбында нақты позициям жоқ – бейтараппын. Үйде көп адаммен шай ішкенді жақсы көремін. Өзім де көпбалалы отбасында өскенмін», – дейді жас келін.

«Ғашығына қосыла алмай ішіп кетті»: Танымал «Қызыл раушан» әнінің авторы далада қалған Астаналық тұрғын WhatsApp-тағы 2 хабарламасы үшін 2,5 жылға сотталды Балғынбек Имашевтың ұлынан Меккеге жолдама сатып алған тағы 40 шақты адам шу шығарды «Алты жолаушы ауруханада»: Құлсарыда автобус жол шетіне шығып кетті «Көлік тәркіленді»: Ер адам желідегі қаралым үшін баланы багажға салып тастаған Трамп: «Ресей дағдарыста, ал Путинге бәрібір сияқты» Павлодарлық келіншек 8 жасар ұлымен далаға қонған «Інісі қаза болды»: Үндістандағы ұшақ апатынан 242 адамның тек біреуі тірі қалды Израильдің Иранға соққы беруі мұнай бағасын өсіріп, Еуропа биржасына әсер етті Екі күн балаларын қараусыз қалдырған әйел жазаланды Қарағанды облысында ер адам екі дәрігерді соққыға жықты Өгей қызын ұрып, шашынан сүйреген маңғыстаулық тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды Марқұм Денис Тен тірі болса, бүгін 32 жасқа толар еді Әділет Майғазиев әйелімен қалай танысқанын айтты Футбол жұлдызы Ламин Ямаль FIFA 2026™ футболдан әлем чемпионатында Visa-ның жаһандық амбассадоры атанады «Бір көйлек 600 мың теңге»: Жұлдыз Әбдікәрімова киілген киімдерін сатып жатыр Мұғалім емтихан жауаптарын сатты деген күдікке ілікті Дезинфекцияға сеніп қалмаңыз: қауіпсіздік қай кезде бұзылады? «Ресейден ақша тауып, жауды қолдап отыр»: Jah Khalib-ке Ресейге кіруіне тыйым салынбақ «Homay» әнімен әлемге танылған башқұрт әншісі Маңғыстауда бейнебаян түсіріп жатыр