Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды

16.06.2025, 09:56
926
Air India AI171 ұшағының қара жәшіктері табылды Bloomberg via Getty Images

Кабинадағы дауыс жазбалары қалпына келтірілген.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Үндістанда апатқа ұшыраған Air India AI171 рейсінің екі бірдей қара жәшігі табылды. Бұл туралы жексенбі күні премьер-министр Нарендра Модидің бас хатшысы Прамод Кумар Мишра мәлімдеді.

Оның айтуынша, ұшақтың ұшу деректерін тіркеу құрылғысы мен кабинадағы дауыс жазбалары қалпына келтірілген. Ақпаратты The Economic Times басылымы таратты. Жазбаларды шифрдан өткізуге төрт-бес күн қажет болуы мүмкін.

Басылым дерегінше, алғашқы қара жәшік жұма күні апат орны — Ахмедабадтағы ғимараттың төбесінен табылған. Қазіргі уақытта Үндістанның әуе апаттарын тергеу бюросы оқиғаның нақты себептерін анықтауға кіріскен. Оларға көмектесу үшін Ахмедабадқа бірнеше халықаралық сарапшылар тобы келген.

"Есепті үш ай ішінде жариялау жоспарланып отыр", – делінген басылым таратқан мәліметте.

Қара жәшіктер — ұшақ апатын зерттеуде ең маңызды дәлел. Олар апатқа әкелген сәттерді секунд сайын қалпына келтіруге мүмкіндік береді және кабинада, сондай-ақ әуе кемесінің жүйесінде орын алған оқиғалар туралы ең объективті ақпарат береді. Бұл құрылғылар – адам куәгерлері болмаған жағдайда тергеушілерге бейтарап әрі шешуші дәлел ұсынатын құрал.

Сондай-ақ, үндістандық БАҚ сәтсіз рейске байланысты тағы бір жайтты хабарлады: бір студент Лондонға аттанатын рейске небәрі 10 минут кешігіп келген.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды