1826

Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған

Қыздың ата-анасы құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Астанада 10 жасар қыздың саусағы қамыр кесетін аппаратқа қысылып қалған
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада 10 жасар қыз абайсызда қолын қамыр кесетін машинаға тығып алып, саусақтарын шығара алмай қалған. Оқиға кезінде ата-анасы көмектесе алмаған соң, құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар алдымен баланы және ата-анасын тыныштандырған. Кейін олардың бірі қыздың қолына мұз қойып, ісікті басуға тырысса, екіншісі машинаны ішінара бөлшектеп, саусақтарын қауіпсіз босатып алған.

Қыз бала алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Материал авторы