Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин

16.06.2025, 13:13
910
Қазақстанда педофилияға қатысты қылмыстар азайды — Ерлан Қарин Sputnik / Жоомарт Ураимов

Балаларды зорлау 20 пайызға азайған дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес туралы заңның қабылданғанына бір жыл толды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Telegram-арнасында хабарлады.

— 2024 жылғы 16 маусымда Мемлекет басшысы 2024 жылғы 15 сәуірде қол қойған «Әйелдердің құқықтарын қамтамасыз ету және балалардың қауіпсіздігі туралы» заң күшіне енді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз қызметінің басынан бастап әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған дәйекті саясат жүргізіп келеді. Мемлекет басшысы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен ымырасыз күресті өзінің қағидатты ұстанымы ретінде үнемі атап өтеді. Қабылданған заң мен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік шаралардың нәтижесінде Қазақстанда әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудың ең озық заңнамасы мен тиімді жүйесі қалыптасты, — деп жазды Қарин.

Оның айтуынша, елде тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері айтарлықтай азайған. 2024 жылдың басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты полицияға келіп түскен хабарламалар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,5%-ға кеміген.

Сол сияқты ауыр және аса ауыр тұрмыстық қылмыстардың да төмендеуі байқалады: биылғы 5 ай ішінде аса ауыр қылмыстар тіркелуі 44%-ға, ауыр қылмыстар 29%-ға азайған.

Кәмелетке толмағандарға қарсы сексуалдық сипаттағы қылмыстар 21,3%-ға азайды, ал педофилиямен байланысты қылмыстар бірден 40,7%-ға төмендеген.

Мемлекеттік кеңесшінің мәліметінше, соңғы бес жылда әйелдердің құқықтарына қол сұғатын қылмыстар саны екі есе қысқарған.

Қабылданған шаралардың нәтижесі:

– Тұрмыстық құқықбұзушылықтарды анықтау артты. Жаңа механизмге сәйкес, енді ресми арызсыз да – полиция қызметкерлерінің, мобильдік топтардың деректері, әлеуметтік желі сараптамасы және куәгерлер мәліметі негізінде – қаңтар мен мамыр аралығында 19 мыңнан астам факт тіркелді.

Мектептердегі QR-код жүйесі жұмыс істей бастады. Мемлекеттік «111» байланыс орталығының QR-коды арқылы балалардан 86 мыңнан астам SMS-хабарлама келіп түсті. Олардың 2 мыңнан астамы зорлық, буллинг немесе ата-анасымен, сыныптастарымен қиын қарым-қатынастар туралы болған. 28 жағдайда суицидтің алдын алу мүмкін болды.

Қызмет көрсету ауқымы кеңейтілді. Елімізде 20 психологиялық қолдау орталығы мен 112 аудан мен қалада отбасыны қолдау орталықтары жұмыс істейді. 2024 жылдың алғашқы тоқсанында 34 мың отбасы мен азаматқа әлеуметтік, психологиялық және заңгерлік көмек көрсетілді. 2 мың отбасы – арнайы бақылауда.

Агрессорлармен психологиялық жұмыс басталды. Биыл 52 құқық бұзушыға сот шешімімен психологиялық көмек алуға міндеттеме жүктелді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды