Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО)

Аиса Махамбет Редактор
16.06.2025, 17:49
1668
Танымал блогердің қыздарға жазған хаты әшкере болды (ФОТО) жеке парақшасынан

Блогер Мерей Жолшының әйелі күйеуінің бейтаныс қыздарға жазған хатын жариялады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, әлеуметтік желідегі танымал блогер Мерей Жолшының отбасылық дауы жұрт назарына ілікті. Оның әйелі Гүлжайнаш Жолшы күйеуінің бейтаныс қыздармен жазысқан хаттарын жариялап, елді елең еткізді.

Айтуынша, Мерей Жолшы Шымкентке барамын деп жолға шығып, сол сапар барысында бөтен қыздарға жылы сөздер жазған. Әйелі бұл жайтты басқа бір қыздың көмегімен білгенін де ашық айтты.

"Сапарға кетті деп сендім. Бірақ шын мәнінде бөтен қызбен хат жазысқан. Сол хатты маған жіберіп, шындықты ашуға көмектескен қызға рақмет. Үш баласының жетім қалуынан қорықпайды, бірақ бетпердесі ашылып қалуынан қорқады. Кейін бәрін маған аударып, өзімді кінәлі қылып қояды", – деп жазды Гүлжайнаш Жолшы әлеуметтік желіде.

Ол Мерей Жолшының қызға жазған сөздерінің скриншотын да бөліскен. Хаттардың бірінде:

"Бүгін уақыт бөл. Өзің кеткің келмей қалады. Жүріп қайтайық. Жастық шақты еске алып", – деп жазылған.

Алайда көп ұзамай бұл жазба Гүлжайнаш Жолшының парақшасынан өшірілді. Соған қарамастан, жазбаның скриншоттары желіге тарап кетті.

Мерей Жолшы мен жұбайы бұл жағдайға қатысты әзірге ресми пікір білдірген жоқ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды