SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Айгүл Иманбаева тыңдарманынан тосын сыйлық алды.
Әншінің айтуынша, ол ел арасында өнер көрсетіп жүрген сәтте көпбалалы ана келіп, қолындағы бриллиант білезігін шешіп берген. Әйел адам Айгүл Иманбаеваның өнеріне тәнті екенін айтып, оны ырымдап сыйлағанын жеткізген.
"Жақында тұрмысқа шыққаныңызды естідік. Қуаныштымыз. Мен – 10 баланың анасымын. Қолымдағы білезікті шын ниетпен беремін. 10 бала тумасаңыз да, 8 бала туыңыз", – деді әйел.
Өнер иесі бұл сөзге "Аумин" деп жауап беріп, ананың ниетін жоғары бағалады.
"Бүгін ерекше сәт болды. Бір көрерменім құрметін білдіріп, қолыма әдемі білезік салды. Осындай шынайы көңіл мен жылулық үшін алғысым шексіз!", – деп жазды Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде.