«Өмірім оңынан өзгерді»: Танымал әнші Индира Елемес есімін азан шақырып өзгертті (ВИДЕО)
Ол өзіне қатты ұнайтын Хадиджа есімін таңдағанын айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Индира Елемес енді ресми түрде Хадиджа есімімен аталады. Бұл туралы ол «Таңшолпан» бағдарламасында айтты.
Әншінің айтуынша, ол 2023 жылы азан шақыртып, аты-жөнін өзгертуді өзі қалаған. Бұған дейін бұл қадамға батылы бармағанын айтқан.
«Индира – мұсылман есімі емес екенін кішкентай кезімнен білемін. Бірақ анамның көңілі үшін өзгеріссіз қалдырдым. 2023 жылы жүрегімнің үнін тыңдап, азан шақыртып, есімімді Хадиджа деп өзгерттім», – дейді ол.
Ол есім ауыстырғаннан кейін өмірінде оң өзгерістер болғанын да атап өтті.
Материал авторы
Азиз Қалижан
Редактор