Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты

Азиз Қалижан Редактор
17.06.2025, 12:52
999
Қостанайда 22 жыл бұрын танысын жыныстық қатынасқа түспегені үшін өлтірген ер адамға үкім шықты Stock Photo

2003 жылы әйел бас тартқаны үшін оны өлтіріп тастаған ер адам ақыры сотталды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысында 2003 жылы жыныстық қатынасқа түспегені үшін әйелді тұншықтырып өлтірген ер адам 22 жылдан кейін 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Қостанай облыстық соты мәлімдеді.

Іс материалдарына сәйкес, 2003 жылдың 30 мамырында сотталушы мен жәбірленуші түнгі уақытта алкогольді ішімдік ішіп, кейін ер адам әйелді үйіне дейін шығарып салған. Жолда ол жыныстық қатынас ұсынған, алайда жәбірленуші бас тартқан. Ашуға булыққан ер адам оны қолымен тұншықтырып өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен.

Іс тек 20 жылдан астам уақыт өткеннен кейін қайта көтерілді. Сот отырысы барысында сотталушы кінәсін мойындамады, өзіне ақтау үкімін шығаруды сұрады.

Алайда сот оны ҚР ҚК 96-бабы 1-бөлігі (1997 жылғы редакция) бойынша кінәлі деп таныды. Бұған дейін 2018 жылы басқа қылмыс үшін сотталғаны және жазасын өтегені де ескерілді.

«Қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша сот 15 жыл бас бостандығынан айыружазасын тағайындады. Жазаны өтеу орны — қауіпсіздігі жоғары мекеме», – делінген сот хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды