«Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан

Азиз Қалижан Редактор
17.06.2025, 15:35
2567
«Отбасы банктің» тәуелсіз директоры алаяқтарға депозитін қолма-қол ұстатқан hcsbk.kz

21 және 31 жастағы жұмыссыз жігіттер алаяқтықпен айналысып келген боп шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, «Отбасы банк» директорлар кеңесінің мүшесі Эльмира Ермекова телефон алаяқтарының құрбаны болды. Ол өзін Ұлттық банк пен ҰҚК қызметкерлеріміз деп таныстырған белгісіз адамдардың сөзіне сеніп, депозиттегі қаржысын қолма-қол ұстата салған. Бұл туралы Telegram-дағы Kozachkov offside арнасы жазды.

Журналист Михаил Козачковтың дерегінше, оқиға биыл көктемде болған. Ермекованың телефонына өзін банк төрайымы Ләззат Ибрагимова деп таныстырған адамнан хабарлама келіп, «ҰҚК тексеріс жүргізіп жатыр, сәлден соң орган өкілі хабарласады» деп ескерткен.

Көп ұзамай бейнеқоңырау арқылы елтаңба мен президент портреті ілулі тұрған кеңседен өзін ҰҚК өкіліміндеген ер адам шығып, қаржыңыз қауіпте, «сақтау үшін» бізге өткізіңіз дегенге сендірген. Кейін өзін Ұлттық банк қызметкері деп таныстырған тағы бір адам қосылып, қызметтік куәлігін де көрсеткен.

Осылайша, банкир ақшасы салынған пакетті «Баракуда» деген құпия сөзді айтқан жігітке тапсырып жібереді. Бұдан соң алаяқтар оның тағы бір банк депозитін шешіп алуға үгіттейді. Алайда банк қызметкерлері күдіктеніп, алаяқтардың ықпалында болуы мүмкін екенін айтып, тоқтатқан.

Эльмира Ермекова дереу полицияға жүгініп, күдіктіні ақша беру кезінде ұстауға көмектескен. Ұсталған – 21 жастағы Ахмад Мұхидинұлы. Кейін оның сыбайласы, 31 жастағы Дастан Бекботаев та қолға түсті. Оның үйінен «Sim-box» құрылғысы табылған — дәл осы құрылғы арқылы Ермековаға хабарласу ұйымдастырылған.

Алаяқтар арасындағы шетелдік ұйымдастырушылар табылған жоқ, олар Қазақстаннан тыс аумақта жүрген көрінеді.

Сот үкімі бойынша Мұхидинұлы мен Бекботаев алаяқтық жасады деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енбеген.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды