SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Мадина Сәдуақасова өзінің Instagram парақшасында 20 жыл бұрын түсірілген «Сүйген жүрек» әнінің бейнебаянына түскен жігітпен қайта қауышқанын айтып, көпшілікті қуантты.
«20 жылда бәрі клиптегі күшік пен жігітті сұрап келді. Сол жігітті бүгін бір шарада кездестірдім. Аты — Шалқар, өзі режиссер Рашид Сүлейменовпен бірге оқыған екен. Тіпті отбасымен де таныстым. Мен үшін бұл күтпеген тосынсый болды», — деп жазды әнші.
Мадина оқырмандарынан:
«20 жылда кім қатты өзгерді?» — деп сұрай отырып, клиптен үзінділермен салыстыратын фотолар жариялады.
Айта кетейік, «Сүйген жүрек» — 2000-жылдардың басындағы хит әндердің бірі. Клиптегі кейіпкер жігіт пен күшік көрермен есінде ерекше сақталып қалған болатын.