«Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған

Азиз Қалижан Редактор
17.06.2025, 18:49
1785
«Легенда-легенда деген сайын…»: Қайрат Нұртас жас әншінің әнін рұқсатсыз орындаған бейнежазбадан

Күні-түні ұйықтамай студияда жазған әнімізді иемденіп алды дейді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жас әнші Самат Жанғазин танымал әнші Қайрат Нұртастың өзінің жаңа әнін рұқсатсыз орындап жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Жанғазиннің айтуынша, "О махаббат, ғажапсың" атты әнді ол композитор Дәурен Шәріппен бірге жазған, ал аранжировкасын Азамат Сәбетов жасаған. Әншінің айтуынша, бұл шығарма үлкен еңбектің нәтижесінде дүниеге келген.

“Композитор Дәурен Шәріп ағамызбен былтырдан бері дайындадық. Күні-түні ұйықтамай студияда жаздық. Аранжировкасын Азамат Сәбетов есімді бауырымыз жасады. Осындай еңбекпен жарық көрген әнді сұрамай жаза салу деген қалай түсінесіздер?” – деп жазды ол.

Әлеуметтік желідегі жазбадан кейін Қайрат Нұртастың өкілі Саматпен байланысқан. Жанғазиннің сөзінше, олар кешірім сұраудың орнына, келісімшарт пен ақшалай өтемақы ұсынуға тырысқан. Алайда әнші мәселені сотқа жеткізбей, адамгершілікпен шешкісі келгенін айтады.

“Білмеймін, адамдарда адамгершілік болуы керек. Осындай әрекеттерімен атына кір келтірді. Енді Дәурен ағамызға хабарласып "Ақшасын берейік, басқасын берейік, келісімшарт жасайық" деген секілді хабарласып жатыр екен. Сонда мені аттап кетіп, осындай тірлік жасап жатыр. Білмеймін, легенда, легенда деген сайын... Легендаға сай болу керек қой. Легенда – үлкен мағына, үлкен ат. Мен сіздерді түсінбедім. Сіздер қалай ойлайсыздар? "О махаббат, ғажапсың" деген әнім осындай болып жатыр”, – деді ол Қайрат Нұртасқа қарата.

Қайрат Нұртас пен оның командасы бұл мәлімдемеге қатысты әзірге ресми жауап берген жоқ.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады